Үй жануарларын әуе кемелерімен тасымалдауға рұқсат етіледі, авиакомпаниялардың ресми сайттарында толығырақ талаптармен танысуға болады.
Мұндағы біздің ең алғаш міндетіміз – жануарларға барынша жайлылықпен қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Саяхатқа үй жануарларымен шыққан жолаушылар 1-қатардан және апаттық шығу есігі бар қатардан орындарды сатып ала алмайды. Бір қатарда жануарды ұшақ бортында тасымалдау қызметті растаған бір жолаушыға ғана отыруға рұқсат етіледі.
FlyArystan жолаушыларына ұшақ салонына шағын мысықтарды, иттерді, балықтарды және тасбақаларды (8 кг-ға дейін) (PETC) алып жүруге рұқсат етіледі. Балықтарды тасымалдау кезінде, жолаушылар олардың санын, оларды тасымалдайтын контейнер көлемі мен салмағын, және жалпы салмақты көрсетулері қажет.
8 кг-нан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөлімдерінде тасымалдауға болады (AVIH).
Құстар мен кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Құстар әуе көлігінің жүк бөлімдерінде тасымалдауға рұқсат беріледі.
FlyArystan әуекомпаниясы жануарларды тасымалдау түріне рұқсат беруі үшін жолаушы жануарларды тасымалдау жөніндегі ақпаратты ұсынуы қажет.
Жануарларды тасымалдауға қажетті құжаттар:Жануарыңызды тасымалдауға өтінішіңізді тіркеу кезінде жоғарыда аталған барлық құжаттарды көрсету қажет.
Шағын балықтарды тасымалдауға қажетті заттар:
1 аквариум немесе қақпағы бар шыны ыдыс (оның ауа өткізетін тесігі болуы тиіс) және тасымалдау кезінде балықтардың аман-есен тіршілігіне жеткілікті су мөлшері болуы тиіс. Балықтарды полиэтиленді пакеттерде тасымалдауға тыйым салынады, мұндай тасымалдан бас тартуымызға тура келеді.
Жүк бөлімдерінде тасымалданатын жануарлар (AVIH)AVIH арқылы жануарларды тасымалдаған кездегі максималды салмақ – контейнер салмағын қосқанда, 50 кг-ды құрайды. Салмағы бұл шектеуден асатын жануарлар жүкретінде, авиациялық жүк қағазын рәсімдей отырып, қабылданады. Салмағы 40 кг-нан асатын жануарларды берікағаш контейнерлерде тасымалдау қажет.
AVIH арқылы тасымалдау кезінде, бір контейнерде бірге тіршілік етуге үйренген, мөлшерлері бірдей болатын екі жануарды алып жүруге болады, әр жануардың салмағы 14 кг-нан артық болмауы тиіс. 14 кг-нан асатын жануарлар жеке контейнерлерге орналастырылады. Бір контейнерде жасы алты айдан аспайтынұяласүш жануардан артық тасымалдауға болмайды.
Тасымалданатынжануарлардыңжасыкемінде 3 ай болуы керек.